Кубада құтқарушылар өртенген мұнай базасының орнынан 4 адамның мүрдесін тапты. Қаралы хабарды елдің денсаулық сақтау министрі жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша өрт салдарынан көз жұмғандар саны 6 кісіге жетті. Шенеунік іздеу жұмысы әлі жүріп жатқанын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда мұнай базасындағы контейнерге найзағай түсіп, жойқын жарылыс болған еді. Оның соңы алапат өртке ұласты.
Кейін тағы 3 қойма жарылды. 130 тұрғын жарақат алып, қауіпті аймақтан 5 мыңға жуық адам көшірілді.