Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (22-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінің хедлайнері болды, деп жазды Sports.kz.
Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов (10-4) болатын.
Хамитов оны негізгі жекпе-жектің бірінші раундында буындырып тастады.
Осылайша Қуат Хамтиов ММА-дағы кәсіби карьерасында 23-жеңісіне қол жеткізіп, MFC промоушнының чемпиондық белдігін иеленді.
Оның қарсыласы Роман Головинов болса, спорттағы жолында бесінші мәрте жеңілді.
Бұл — Қуаттың 2021 жылғы екінші жекпе-жегі екінін атап өткен жөн. Біріншісі жекпе-жек қаңтар айында өтіп, Хамитов ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокутқа түсірген еді.