ҚТЖ филиалының экс-директоры сотталды

30 Желтоқсан 2020, 10:27
3456
Бөлісу:
ҚТЖ филиалының экс-директоры сотталды

Алматы, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Павлодар электрмен қамтамасыз ету дистанциясының» бұрынғы директоры Р. Ибраев жемқорлық қылмысы бойынша жазаланды. 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада ҚТЖ филиалының бұрынғы басшысы 2020 жылғы маусым мен тамыз аралығында бағынышты мекемелер басшылығынан 6,5 мың литр дизель жағармайын алғаны айтылады. Ол 1,2 миллион теңгеге бағаланып отыр. Жағармайды ол ақшаға айырбастап, өз қажеттілігіне жұмсаған.

28 желтоқсан күні Ибраев қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ оған 1000 АЕК (2,778 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада. 


Өзгелердің жаңалығы