Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Каспий құбыр консорциумындағы апаттан келген шығын 100-150 млрд теңге көлемінде.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында айтты.
Қазіргі таңда нақты шығын соммасын айту мүмкін емес. Өйткені бәрі келген ақаудың қанша уақытта жойылатынына, санкциялар әрі қарай жалғаса ма, осы мәселелерге байланысты. Ал жалпы шығын 100-150 миллиард теңге шегінде бағаланып отыр. Егер ақау тезірек жойылса, әрине шығын да аз болады, - деді мәлімдеді Ерұлан Жамаубаев.
Еске сала кетейік, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа райы салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын.