ҚСЗИ ресми сайтында «KAZISS Malimet» арнайы айдары ашылды

7 Сәуір 2021, 11:15
4556
Бөлісу:
ҚСЗИ ресми сайтында «KAZISS Malimet» арнайы айдары ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ашық деректер саясатындағы заманауи трендтерді, олардың өзектілігін ескере отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ресми сайтында әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша жарияланымдар орналастырылатын «KAZISS Malimet» арнайы айдарын ашты. Бұл туралы kisi.kz жазды.

Әлем қарқынды өзгеруде. Азаматтық қоғамдастықты мемлекеттік деңгейде шешімдерді қабылдауға белсенді тарту, бір жағынан, цифрлық технологияларды дамыту және халық үшін Интернетке қолжетімділікті кеңейту, екінші жағынан, бүкіл әлемде ашық деректер саясатын дамытуға ықпал етеді. Ашық деректердің көмегімен біз тұрғындар үшін өмірімізді жақсартатын электрондық қызметтерді құруға мүмкіндік аламыз, - делінген хабарламада.

Қазақстанда деректерді пайдалану арқылы мемлекетті басқаруға қатысу, зерттеулер жүргізу мүмкіндігін жұртшылыққа ұсыну мақсатында құрылған «Ашық деректер» порталы жұмыс істейді. Осы порталда 3820 ашық дерек, 72728 ашық нормативтік-құқықтық акті (А), 91121 бюджеттік бағдарламалар жобасы және 392025 өтініш орналастырылған.

Қоғамдағы ашықтық және айқындық саясатын қамтамасыз ететін маңызды ақпарат әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі. Бүкіл әлемде әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері шешім қабылдау үшін қолданылады. Кәсіби әлеуметтік орталықтар өз зерттеулерінің мәліметтерін жариялауда үлкен тәжірибеге ие. Осылайша, мысалы, БҚПЗО сарапшылар қауымдастығы, «Қоғамдық пікір» Қоры, Левада-Орталығы үнемі жариялайтын мәліметтермен жақсы таныс. Бұл ретте орталықтардың әлеуметтік сауалнамаларының нәтижелері үнемі жаңартылып отырады, олар қоғам өмірінің әртүрлі салаларын қамтиды және оқырмандарға әртүрлі алаңдарда: сайттарда, әлеуметтік желілерде, Telegram-арнада қолжетімді.


Өзгелердің жаңалығы