Крит аралының маңында мигранттар отырған қайық суға батып, 18 адамның қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Грекиялық БАҚ-тың мәліметінше, үрлемелі қайық Криттен оңтүстікке қарай 26 теңіз милі қашықтықта батып кеткен.
Түрік жалауын көтерген өтіп бара жатқан сауда кемесінің экипажы жартылай суға толған қайықты байқап, оқиға жөнінде Грекияның жағалау күзетіне хабар берген.
Хабар түскеннен кейін оқиға орнына жағалау күзетінің топтары жетіп, қайықта болған екі адамды құтқарып, сондай-ақ қаза тапқан 18 адамның денесін судан шығарған.
Құтқарылған мигранттар тіркеуден өткізу және медициналық тексеру үшін Иерапетра қаласына жеткізілді. Қайтыс болғандардың денелері сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жөнелтілді.