Криштиану Роналду Сауд Арабиясында әлемдік рекорд орнатты

Португалиялық футболшы қатарынан 25 маусым бойы гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

 Carlos Rodrogues/Retty Images 22 Тамыз 2026, 10:14
22 Тамыз 2026, 10:14
88
Фото: Carlos Rodrogues/Retty Images

«Әл-Наср» клубының 41 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы матчта гол соғып, әлемдік рекорд орнатты.

Sports.kz таратқан мәліметке сәйкес, португалиялық футболшы екінші турда «Әл-Риядқа» қарсы өткен матчта гол соқты. Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Бұл оның қатарынан 25-ші маусымда соққан алғашқы голы болды.

Роналду ересектер футболындағы мансабын 2002 жылы «Спортинг» сапында бастады. Содан бері ол кәсіби мансабының әр маусымында кемінде бір голдан соғып келеді.

Португалиялық футболшы мансабында «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Ювентус» клубтарында да өнер көрсетті. 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасында ойнайды.

Бұған дейін Роналду биылғы маусым оның кәсіби мансабындағы соңғы маусым болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Наверх