Криштиану Роналду сүйіктісіне ұсыныс жасады

8 Қыркүйек 2020, 12:16
1891
Бөлісу:
Криштиану Роналду сүйіктісіне ұсыныс жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Португалия құрамасы мен «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду сүйіктісіне ұсыныс жасады. Бұл туралы El Mundo басылымы хабарлады. 

«Алтын доптың» бес дүркін иегері ұлттық ойындары кезіндегі жаттығуда жарақат алған болатын. Сөйтіп, жиыннан ертерек босатылды. Сосын Джорджина Родригес романтикалық кеш ұйымдастырған. Мерекелік кешке ол тек достарын шақырған. Сол жерде баласының анасына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Джорджина футболшының серігі болуға келісім береді.

Әзірге тойдың уақыты белгіленбеген. Роналдудың төрт баласы бар. Үлкені 2010 жылы дүниеге келген. 2017 жылы суррогат анадан егіз туған. Сол жылы қарашада Джорджина Родригес қыз баланы дүниеге әкелген.
Өзгелердің жаңалығы