Криштиану Роналду «мәңгілік» рекорд орнатты

21 Қараша 2022, 19:28
869
Бөлісу:
Криштиану Роналду «мәңгілік» рекорд орнатты

Криштиану Роналду — Instagram жазылушысы саны 500 миллион шегінен асқан тарихтағы бірінші адам, деп жазады BAQ.KZ esquire.kz сайтына сілтеме жасап.

Футбол иконасы Криштиану Роналду жақында Пирс Морганмен резонансты сұхбатында өзін «ең дәмді жеміс» және «мен рекорд қумаймын, керісінше рекордтар мені қуып келеді» деп мәлімдеген болатын.

Хабарландырудан бірнеше күн өткен соң «Манчестер Юнайтед» шабуылшысының аккаунтына тіркелгендер саны 500 миллионнан асты. Роналду бұл көрсеткішке жеткен тарихтағы бірінші адам және басқа жұлдыздардың бұл көрсеткішіне жуту үшін үлкен айырмашылық бар. Мысалы, танымал Кайли Дженнер әлі 400 миллион жазылушы жинаған жоқ — қазір оның парақшасында 372 миллион бар. Ал оның әріптесі Лео Мессиде 376 млн.

Бұған дейін Месси мен Роналду бір мезгілде әлеуметтік желілерде бірлескен фотосын жариялап, БАҚ бірден «футбол тарихындағы ең үлкен оқиға» деп аталған болатын. Бір сағат ішінде бұл сурет 20 миллионнан астам қаралым жинады. Кейін бұл суреттің фотошоп екені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы