Криминалдық полиция «интернет-алаяқтарды» сипаттады

24 Шілде 2023, 11:26
988
Бөлісу:
Криминалдық полиция «интернет-алаяқтарды» сипаттады
Фото: Polisia.kz

Елімізде жыл басынан бері 9 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Жыл басынан бері елімізде 9 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Олардың төмендеу динамикасы байқалады. ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов қоғам белсенділеріне «интернет-алаяқтардың» портретін сипаттап берді. Оның айтуынша, ең үлкен қауіп төндіретіндері – 25 пен 45 жас аралығындағы психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалған ерлер мен әйелдер. Олар шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері болып келеді және тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде орналасқан «сall-орталықтарда» жұмыс істейді. Олар «келіссөз жүргізушілер», «хакерлер» және «IT-мамандар» болып, өзара рөлдерді бөлісіп, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырады және көп жағдайда Қазақстан тыс жерлерде орналасады, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, осы бағытта күресті күшейту мақсатында министрдің тапсырмасы бойынша «2024-2028 жылдарға арналған Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы» жобасына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұтас бір блок енгізілген.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға өзге де мемлекеттік органдар тартылады. Бүгінде барлық өңірлерде «CyberPol» бөлімшелері – арнайы топтар құрылды. Олардың құрамына: жедел уәкілдер, тергеушілер және криминалистер кіреді. Олар бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді, бұл банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Бейінді бөлімшелерді заманауи бағдарламалармен және техникамен қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда. Алматы академиясында мамандарды даярлау бойынша киберорталық ашылып, онда 350 қызметкер оқытылды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы