«Крещение» - 2024 мерекесі Астананың православие шіркеулерінде өтеді

16 Қаңтар 2024, 20:13
586
Бөлісу:
«Крещение» - 2024 мерекесі Астананың православие шіркеулерінде өтеді
Фото: Елорда әкімдігі

Биылғы «Крещение» мерекесі 18-19 қаңтар күндері Астананың барлық православие шіркеулерінде өтеді. Елордада бұл мерекенің қалай аталып өтетіндігі туралы протоиерей Дмитрий Байдек ӨКҚ-дегі брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Крещение» мерекесі Успен кафедралық соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Констатино-Елена шіркеуінде (Республика даңғылы,12) және Серафим Саровский шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтеді.

Осылайша, суға шомылу рәсімін орындау үшін 18 қаңтар күні сағат 19.00-де Республика даңғылы, 12 мекенжайында орналасқан Константин-Еленин соборынан Республика даңғылы арқылы әрі қарай Ғұмар Қараш көшесі бойымен қалалық жағажайға дейін Крест жорығы (жаяу колонна) өтеді.

Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, «Астаналық» саябағының жағалау аймағында (орталық жағажайдың жанында) орнатылған.

Суға шомылатын орындар 18 қаңтар күні сағат 20.00-ден бастап суды тазартқаннан кейін 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қол жетімді болады.
Жаппай шомылу 19 қаңтар күні де сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы