Креативті индустрияға қолдау көрсететін заң жобасы таныстырылды

13 Қараша 2024, 10:28
242
Бөлісу:
Креативті индустрияға қолдау көрсететін заң жобасы таныстырылды
Фото: -архив

Мәжілісте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балаева ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив саласындағы бірқатар заңға енгізілетін өзгерістер жайлы айтты. Министрдің сөзінше, құжат 3 үлкен бағытқа бөлінген.

Бірінші. Саланы реттейтін ұзын саны 9 заңға өзгерістер енгізіп, осыған орай олардың мақсатын, міндеттері мен принциптерін қайта анықтайды. Екінші. Заң жобасы министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға сілтенетін министрліктің мойнындағы төл міндеттерді, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің ережесімен реттеледі, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Мәжілісте.

Үшіншіден, заң жобасы креативті өндірісті қолдаудың нақты шараларын көздейтін мемлекеттік саясатты анықтайтын өзгерістерді ұсынады. Мәселен, Үкіметке осы саясатты жүргізу және осы саланы дамытуға жауапты заңды тұлғаларды анықтау сияқты нақты құзырет беруді көздейді.

Өзгелердің жаңалығы