Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті онлайн режимде өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ) 15-Ассамблеясына, Басқарма кеңесінің отырыстарына және АЗОСАИ-дың 8-симпозиумына қатысты.
Отырысқа қатысушылар 2018-2021 жылдардағы есепті, АЗОСАИ жұмыс топтары қызметінің қорытындыларын қарады. Сондай-ақ АЗОСАИ-дың 2022-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекітті.
Сонымен қатар, АЗОСАИ-дың қағидалары мен ережелеріне сәйкес Ассамблеяда АЗОСАИ-дың Басқарма кеңесі мен Аудиторлық комитетінің жаңа мүшелерінің сайлауы өтті.
Басқарма кеңесіне 9 жоғары аудит органы (Ауғанстан, Иран, Корея, Малайзия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сауд Арабиясы, Түркия), Аудиторлық комитетке - 5 жоғары аудит органы (Әзірбайжан, Қазақстан, Корея, Моңғолия, Филиппин) ұсынылды.
АЗОСАИ Аудиторлық комитетінің жаңа мүшелерін сайлау барысында Есеп комитеті 26 дауыс жинап, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңге АЗОСАИ Аудиторлық комитетінің құрамына кірді.