КҚК терминалына дрон шабуылы: Айдос Сарым Шевронмен келіссөз жүргізуді ұсынды

Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы танкерлерге жасалған дрон шабуылына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарым халықаралық тәжірибе мен ірі халықаралық компаниялардың мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігіне тоқталды.

Оның айтуынша, мысалы, консорциумның бір акционері – ірі алпауыт компания Шеврон.

Бүгінде Украина қай жерден тәуелсіз мемлекет болса да, АҚШ-қа және Еуропаға тәуелді: қаржылық көмекке, әскери көмекке және басқа бағыттарға. Осыны ескере отырып, менің ойымша, Шеврон өте белсенді компания, оның лоббистік мүмкіндіктері өте жоғары – деді депутат.

Айдос Сарымның айтуынша, Шеврон АҚШ Конгресі мен Сенатында да қаржылық қолдауға ие, біраз конгрессмендерді қолдайды. Сол себепті ол Қазақстан үкіметі үшін бұл компанияның мүмкіндіктерін пайдалану маңызды деп есептейді.

«Сіздер өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланып, Украинаға біздің консорциумның мекемелеріне, мүлкіне шабуыл жасамасын деп айтуларыңыз керек» деп айту қажет. Қазақстан билігі Шевронмен келіссөз жүргізуі керек, – деп толықтырды Айдос Сарым.

Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңында дрондар екі мұнай танкеріне шабуыл жасады. Бұл терминал Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызын қамтамасыз етеді.

Каспий құбыр консорциумының терминалындағы танкермен болған оқиғаға қатысты ҚазМұнайГаз, сондай-ақ Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады.

Өзгелердің жаңалығы