Қазақстанның соңғы жаңалықтары

КҚК-ні жөндеу неге созылып жатыр: Энергетика министрі түсіндірді

Бүгiн, 12:11
215
Бөлісу:
 Каспий құбыр консорциумы
Фото: Каспий құбыр консорциумы

Новороссийск қаласындағы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қолайсыз ауа райына байланысты күрделене түсті. Бұл туралы брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, 29 қараша күні ұшқышсыз катерлердің шабуылы салдарынан терминалдағы айлақ құрылғысы зақымданған.

Ауа райы жөндеу жұмыстарына кедергі келтіріп отыр. Оңтүстік-шығыстан соққан жел өте күшті, толқынның биіктігі шамамен екі метрге жетеді. Оның үстіне бұл жел су ағысын да күшейтеді.

Сүңгуірлер арнайы күмбездің ішінен суға түседі, содан кейін күмбезден шығып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ал Новороссийск шығанағындағы ішкі, қатты ағыстар бұл жұмысты едәуір қиындатып отыр, – деді министр.

Ерлан Ақкенженов жұртшылықты сабыр сақтауға шақырып, терминалды жөндеу мерзіміне қатысты болжамдар үшін ведомствоны орынсыз кінәламауды өтінді.

Біз болжамдарды нақты бір сәттегі жағдайға, яғни ақпарат түскен уақытқа сүйене отырып айтамыз. Ал бұл мәліметтерді бізге тікелей консорциумның өзі береді. Алайда атқарылып жатқан жұмыстар өте күрделі: бұл – су астындағы жұмыстар, құрлықтағы қарапайым жөндеу емес. Мұндай экстремалды жағдайда олар барлық тараптан, соның ішінде баспасөз өкілдерінен де, түсіністік пен шыдамдылықты талап етеді, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы