Көтерілісшілер Башар Асадтың әкесінің кесенесін өртеп жіберді

Бүгiн, 08:57
152
Бөлісу:
Көтерілісшілер Башар Асадтың әкесінің кесенесін өртеп жіберді
Фото: AFP/Aaref Watad

Көтерілісшілер Сирияның биліктен қуылған президенті Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың әкесінің кесенесі мен табытын өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратты Ұлыбританиядағы Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясы (SOHR) растады.

Көтерілісшілер Хафез Асадтың батыстағы Латакиядағы Кардах қаласында орналасқан кесенені талқандаған.

Хафез Асад Сирия билігін 30 жылдан астам уақыт бойы темірдей тәртіппен ұстаған. Билікті төңкеру арқылы 1970 жылы басып алған соң 2000 жылы жүрек талмасынан қайтыс болғанға дейін басқарған.

Жексенбі күні Сирияда президент сарайы тоналып, Асад отбасы мүшелерінің бүкіл елдегі мүсіндері қиратылды.

Өзгелердің жаңалығы