Қостанай облысының әкімі Маминнің орынбасары болады деген сыбысқа жауап берді

1 Шілде 2021, 17:34
1719
Бөлісу:
Қостанай облысының әкімі Маминнің орынбасары болады деген сыбысқа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Үкіметке вице-премьер болып келеді деген қауесетке жауап берді.

Бұған дейін Telegram каналдарда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов елордаға қоныс аударатынын, Үкіметте жаңа қызметке тағайындалатыны туралы сыбыстар тараған еді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде тілшілердің бірі осы туралы сұрады.

Жуырда сізді вице-премьер болады деген әңгіме шықты да, көп ұзамай басылып қалды. Шынымен де, осы қызметке кандидатураңыз қарастырылып жатыр ма, әлде рейтинг жинаудың тәсілі ме? - деп сұрады тілші.


Әкім бұл ешқандай шындыққа жанаспайтынын, жай ғана қауесет деп жауап берді.
Өзгелердің жаңалығы