Қостанайда мониторинг топ мүшелеріне күзетшілер күш көрсеткен

30 Қаңтар 2021, 19:04
1529
Бөлісу:
Қостанайда мониторинг топ мүшелеріне күзетшілер күш көрсеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында рейд кезінде мониторинг топ мүшелері мен журналистерді караоке-бар күзетшілері ішке кіргізбеген. Онымен қоса, күзетшілер баспасөз өкілінің телефонын тартып алған. 

Мониторингтік топ қызметкерлеріне күш қолданған екі күзетшіге қатысты қылмыстық кодекстің 114-бабы «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу аясында сараптама тағайындалады. 

Ойын-сауық орнында 60-тан аса адам болған, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің болғаны да анықталған.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жасөспірімдердің жүруіне байланысты мекеме әкімшісі де жауапқа тартылуды.

Бұл мекеме карантин шараларын бірнеше рет бұзған. Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан аталған мекеменің қызметін тоқтату туралы материалдар қазір Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы