Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында ерлі-зайыптының жанжалы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Оқиға наурыз айында Әулиекөл ауданына қарасты Лаврентьевка ауылында болған. Ашуға булыққан отағасы әйелін басындағы орамалымен буындырып өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті ауыл шетіндегі құдыққа тастаған. Сотта ол жасаған қылмысын мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді. Ауыл тұрғынының ауыр қылмысы сот сараптамасымен де расталған көрінеді. Сот қылмыскердің бұрын да істі болғанын ескере отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Жәбірленуші тарапқа келтірілген моральдық зиянды өтеу есебіне 5 миллион теңге өндірілді, – дейді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова.