Қостанайда емханаға өздігінен жүгінгендер арасында КВИ көп анықталған

6 Желтоқсан 2020, 17:31
1257
Бөлісу:
Қостанайда емханаға өздігінен жүгінгендер арасында КВИ көп анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы COVID-19 жұқтырғандар санының өсу саны бойынша қызыл аймақта орналасқан. 

Күн сайын өңірде 80-ге жуық және одан да көп жаңа жағдай тіркелуде.

Сонымен қатар сырқаттанған адамдардың ең көп саны өздігінен жүгінген адамдар ішінде анықталады – 70,6% немесе 3 984 адамды құрады. Қалған 29,4% профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде анықталған. Ал пандемия басталғалы бері облыста барлығы 173 015 зерттеу жүргізілді, оның 5 803 оң нәтиже көрсетті, - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан хабарламада.

Өңірде спорт объектілері, бассейндер, сауықтыру орталықтары, балаларға арналған үйірмелер мен факультативтердің жұмыс істеуіне тыйым салынған.


Өзгелердің жаңалығы