Қостанай облысының тұрғыны алаяққа 850 мың теңгеге алданып қалды

19 Шілде 2021, 19:25
3101
Бөлісу:
Қостанай облысының тұрғыны алаяққа 850 мың теңгеге алданып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, 850 мың теңгесінен қағылып қалған. Әулиекөл ауданының полиция бөлімінде Аманқарағай ауылының 30 жастағы тұрғынының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам хабарландыру сайттарының бірінен қолайлы бағада Газель автокөлігі сатылатындығы туралы хабарламаны көрген. Арзан бағада алып үлгеріп қалу үшін сатушы одан 850 мың теңге аударуды талап етіпті. Әулиекөлдік тұрғын жалған «сатушының» айтқанын екі етпей орындайды. Алайда ақшаны алып, іздерін жасырған алаяқтармен әйел адам одан соң хабарласа алмаған. Сан соққанын білген ол бірнеше күн өткен соң полицияға арыз жазуға мәжбүр болады. 

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы