Қостанай облысында жеке тұрғын үйдегі өрттен ер адам қаза тапты

18 Қаңтар 2021, 12:57
1629
Бөлісу:
Қостанай облысында жеке тұрғын үйдегі өрттен ер адам қаза тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қаңтар күні Қостанай облысы Қарабалық ауылында Титов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдегі пәтер өртенді. 

Өрт туралы хабарлама сағат 12:46-да келіп түсті. 1953 жылы туған пәтер иесі кіреберіске жапсарлас орналасқан от жағу бөлмесі жана бастағанын байқаған. Өрттен қорыққан егде жастағы әйел адам көршілерінен дереу көмек сұраған, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

 Өз кезегінде олар 101 нөміріне қоңырау шалды. Сағат 12:51-де келген өрт сөндіру бөлімі өртті жедел ауыздықтауға кірісті. 

Пештің жанындағы үй заттары өртеніп, 8 шаршы метр аумақта төбе плиталары жанған. Өрт ошағы ұлғайып, үйдің екінші жартысына таралу қаупі туындаған. Сондықтан, өрт сөндірушілер отты мейлінше тез ауыздықтауға екі өрт сөндіру оқпанын қолданды: біреуі тікелей өрт ошағына, екіншісі - жапсарлас үй-жайларды қорғауға бағытталды. Қалың түтін бүкіл тұрғын үйге таралған. Үй иесі оның 1974 жылы туған екінші топтағы мүгедек ұлы үйде қалғандығын хабарлаған, - делінген хабарламада.
КОСТАНАЙ1.jpeg

Газ-түтіннен қорғау қызметінің үш қызметкері оны түкпірдегі бөлмеден тапты. 

Ер адам түтінге уланғандықтан тыныстауы қиындап жатқан күйде табылды. Құтқарушылар оны көшеге шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Алайда, сағат 13:30-да ер адам есін жимастан орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Сағат 14:04-те өрт сөндірушілер өртті толығымен ауыздықтады. Өрттің шығу себебі - отты абайсыз қолдану, - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді. 

Еске сала кетейік, ауа райының суытуына байланысты жылыту пештерін жағуда қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болатын өрт шығу деректері айтарлықтай артуда. Сондықтан, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, үй заттары мен жанғыш материалдарды отқа жақын орналастыруға тыйым салынатынын ескертеміз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сіздің өміріңізді және мүліктеріңізді аман алып қалатынын естеріңізден шығармаңыздар.



Өзгелердің жаңалығы