Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Лисаков қаласында денесі күйіп қалған әйел табылды.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі биыл 15 маусымда тұтанған шөпті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер күйік шалған әйелді тапқанын хабарлады.
Жедел жәрдем көлігімен әйел қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда ол алған күйік жарақаттарынан көз жұмған. Полицейлер оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады, - деді полициядан.
Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сараптамалар тағайындалды.