Қостанай облысы экспортқа 18 мың автокөлік шығарады

1 Шілде 2021, 23:34
2280
Бөлісу:
Қостанай облысы экспортқа 18 мың автокөлік шығарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің мәлімдеуінше, машина жасау саласы Қостанай өңірі экономикасының драйвері саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 38,5%-ын құрайды. Қатардағы жұмыс өндірісі – 2,1, трактор өндірісі – 2,5 комбайн өндірісі – 2,4% -ға, жеңіл автокөлік өндірісі – 43,3%-ға ұлғайды, – деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімінің айтуынша, 2021 жылғы наурыздан бастап өңірде KIA автокөлігі құрастырыла бастады. Бүгінге дейін осы маркадан 3 192 бірлік автокөлік жиналды.

JAC концернінің автокөліктерін локализациялау мен өндіруді дамытуға шамамен 10 млн доллар инвестиция құю жоспарланып отыр. Өткен кезеңде «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС конвейерінен барлығы – 19 779 бірлік автокөлік шығып, оның 1 672-сі экспортқа жіберілді. Биыл 60 мың автомобиль шығару жоспарланды, оның шамамен 18 мыңы экспортқа жіберіледі, – деді Архимед Мұхамбетов.

Өзгелердің жаңалығы