Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром«» автомобиль зауытының конвейерінен 150 мыңыншы автомобиль шықты.
Биылғы 9 айда «СарыарқаАвтоПром» 38 мыңнан астам автомобиль шығарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147%-ға артық. Пандемияға қарамастан, автозауыт жылына 60 мың автокөлік шығарып келеді.
Қостанай зауыты бүгінгі таңда JAC, Chevrolet, Kia, Renault, Lada, SAZ брендтердің өнімдерін шығарады.
Елдің ішкі нарығын қамтумен қатар, биыл отандық өндірістің 5 мыңнан астам көлігі Ресей Федерациясына, Қырғызстан Республикасына, Өзбекстанға, Әзербайжан мен Беларус еліне экспортқа жіберілген.
Кәсіпорынның табыстары мен жетістіктері – зауыт ұжымының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Қостанай зауытында 1800-ден астам адам жұмыс істейді, олардың SAP University-де тұрақты негізде оқу және біліктілігін арттыру мүмкіндігі бар.