Косметолог: Емделуге әртүрлі крем алатын адамдардың көбі – маркетинг құрбаны

13 Тамыз 2024, 12:09
3060
Бөлісу:
Косметолог: Емделуге әртүрлі крем алатын адамдардың көбі – маркетинг құрбаны
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Беттегі пигментті дақтардың адам ағзасына қауіпті екенін білесіз бе? Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі косметолог Жанна Абсеевамен пигментті дақтардан арылу жолдары жайлы сұхбаттасқан еді.

Кейбір адамда меңдер өте көп, басқаларында аз болады. Кейбіреулердің терісі секпілге бейім, басқалары бейім емес. Әңгіме беттегі дақтардан құтылу жолдары, олардың адам ағзасына әсері туралы өрбіді.

- Беттегі қара дақтарды үй жағдайында кетіріп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Бет терісіне зақым келмейді ме?

Әлбетте, дағы бар адам әртүрлі процедураларды алып жатады. Маркетингтің құрбаны болған жандар әр алуан кремдерді жағады. Үй жағдайында пайдаланатын кремдер мен сарысу, бет жуғыш заттар пигментті дақтарды ағартуға бағытталады. Білместікпен қолданған заттар теріс әсер етеді. Ең біріншіден, терінің кеуіп кетуі пайда болады. Дұрыс қышқылды пайдаланбаған кезде, бетіміздегі қара дақтар ағарып жатқандай болады. Одан кейін ол қара дақтың көлемі ұлғайып кетуі мүмкін. Сондықтан үй жағдайында пайдаланса да, дәрігер косметологтің кеңесін пайдаланаған дұрыс.

- Пигментті дақтар не себептен пайда болады?

Дақтардың шығу себептері екі түрлі болады. Біріншісі – туа пайда болған. Екіншісі – жүре пайда болған. Туа пайда болған дақтарға біз секпілді, меңдерді жатқызамыз. Осы ретте айта кетерлігі, жүре пайда болған дақтар әйел адамға жүктілік кезінде шығады. Немесе косметологиялық процедуралардан кейін, үй жағдайында пайдаланған кремдердің салдарынан да пайда болады. Сондықтан әрбір адам өзінің бетіндегі, денесіндегі дақтардың қандай пигмент екенін анықтап, одан кейін ем-дом жасағаны дұрыс.

- Пигментті дақтардың қандай түрлері бар? Оның ішінде ең қауіптісі немесе емдеуді қажет ететін түріне тоқтала кетсеңіз.

Адам терісіндегі қара дақтардың ең көп таралған түрлері – секпілдер, хлоазма, меңдер, жас ұлғаю пигментациясы. Пигменттер жай немесе гиперпигментация деп бөлінеді. Әрқайсысына тоқтала кетсек, жай дегеніміз – бетте пигменттің болмауы. Яғни, оны ақтаңдақ деп атайды. Біздің теріміздегі мелатонин пигментінің жергілікті жерде ұйықтап қалуы. Екінші гиперпигментация – ол қара дақтың пайда болуы. Ал ең қауіптісі – өзімнің тәжірибемде кездескен de пигментациясының болмауы. Яғни пигменттің жергілікті неломацикл клеткаларының ұйықтап қалуы. Себебі бұл жағдайларда алопеция, витилиго деген аурулар болады. Басқа да микро, макро элементтерінің жетіспеушілігі салдарынан көп баланың терісінде ақтаңдақ болады. Бұлардың денеде болуынан аздаған қауіп бар деп айтар едім. Себебі жергілікті жерде пигменттің ұйықтап қалуы адам ағзасына зиян болып келеді. De пигментациясын емдейтін арнайы дерматолог мамандары болады. Арнайы сәулелер арқылы, ішке дәрі қабылдау арқылы емдейді. Сондай-ақ бұл адамдарға күн сәулесі өте қауіпті саналады.

- Дақтардан қалай арылуға болады? Косметолог ретінде кеңестеріңіз болса.

Пигментті емдеп жүрген адам күйзеліске түспеуі қажет. Өйткені гиперпигментацияны шақыратын себептер – адамның уайымға берілуі. Айқын стресс болған кезде, ағзада гормондық өзгерістер болады. Мелатонин гормоны дұрыс бөлінбесе, дұрыс ұйықтап, уақытылы тұрмаса, пигменттен арылу өте қиын болады. Себебі бұндай жағдайда жалпы ағзамыз зардап шегеді. Меланациттердің дұрыс бөлінбеуі көбінесе стресс шақырады. Сол себептен стресс кезінде пигментацияны кетіру өте қиын болады.

- Дұрыс тамақтанбау бет терісіне әсер етеді ме?

Әлбетте, бет терісіне келгенде, дұрыс тамақтану өте маңызды. Біз судың құрамын дұрыс ішпесек те, ағзадағы тері зардап шегеді. Тері индикатор секілді, терінің шаршауы, ұйқының дұрыс болмауы – барлығы әсер етеді. Сондықтан пигментациясы бар адамдар болса, асқазан-ішек жолдарының, бауырдың қызметіне аса мән беруі қажет.

Өзгелердің жаңалығы