Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен ойын бағдарламасы өткізіледі. Оның ішінде тең жартысы біздің тікелей ұлттық спорт түрлері. Қазіргі уақытта 89 елден делегациялар қатысуын растады. 2500-ден аса спортшы келеді деп жоспарлануда. Қала әкімшілігімен бірігіп 32 қонақ үйді дайындап отырмыз,-деді Серік Жарасбаев.
Ойынның ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні “Астана Арена” стадионында өтеді.