Көшпенділер ойыны: Жамбы атудан Батыр Бексауыт алтын жүлдегер

Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 Қыркүйек 2024 2024, 17:44
АВТОР
 web.telegram.org/k/#@world_nomadgames 9 Қыркүйек 2024 2024, 17:44
9 Қыркүйек 2024 2024, 17:44
1304
Фото: web.telegram.org/k/#@world_nomadgames

Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшылар 11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар келесі айналымға шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Батыр Бексауыт алтын жүлдеге ие болды. Күміс медальді Айтбек Сарыбай еншілесе, қола жүлдені Ералхан Айкөз иеленді.

Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.

Наверх