Көшпенділер ойыны: TikTok желісі ақпараттық серіктес болды

Бүгiн, 11:19
217
Бөлісу:
Көшпенділер ойыны: TikTok желісі ақпараттық серіктес болды
Фото: BAQ.KZ -архив

TikTok желісі Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

TikTok арқылы жарыстан тікелей эфирге шығуға болады. Сондай-ақ пайдаланушылар #WorldNomadGames2024 хэштегі бойынша іс-шара туралы түрлі видеолар түсіре алады.

Жобаның мақсаты қазақстандықтарға спорттық және мәдени іс-шараға виртуалды түрде көруге мүмкіндік беру. Бұған дейін TikTok желісі екі жыл қатарынан еліміздегі Наурыз мерекесіне орай ауқымды онлайн-фестиваль өткізген еді.

Оқырмандар Көшпенділер ойындарындағы жарыстарды, ашылу және жабылу салтанаттарын, сондай-ақ сахна артындағы эфирлерді TikTok LIVE ресми @tiktoklive_eecca аккаунтынан көре алады.

Өзгелердің жаңалығы