Көшпенділер ойыны: Билет бағасы 500 теңгеден басталады

5 Қыркүйек 2024, 15:16
1730
Бөлісу:
Көшпенділер ойыны: Билет бағасы 500 теңгеден басталады
Фото: worldnomadgames.kz

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ойындарды көруге арнайы шатлл автобустар ұйымдастырылады. Этноауыл, Қазанат, Арғымақ нысандарына тұрғындар өз көліктерімен жіберілмейді.

Тұрғындар үшін «Region» такси сервисі қолжетімді және осы сервисті қолданған келушілер аталған спорттық нысандардың аймағына жіберіледі. Uber, Yandex, InDriver сервистері келушілерді Этноауыл, Қазанат, Арғымақ спорт нысандарының маңайына дейін ғана жеткізе алады. Ойындар кезінде қоғамдық көліктер тоқтатылмайды. Сондай-ақ 9-13 қыркүйек аралығында жарыс күндері көрермендер үшін арнайы шатл басстар ұйымдастырылады. Әр күні сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО және Республикалық Бас мешітте (жаңа мешіт) автобустар жанкүйерлерді спорттық нысандарға ақысыз тасымалдайды,-деді ДКО дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев.

Наурыз айының соңында жарыстарға билеттер сатыла бастаған.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ересектерге арналған билеттерінің құны 500-ден 15 000 теңгеге дейін құрайды. Ал билеттердің орташа бағасы - 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкүндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған бағалар қарастырылған,-деді Абылай Қондыбаев.

Өзгелердің жаңалығы