Көшпенділер ойыны: Ашылу салтанатына билеттер сатылып кетті

Бүгiн, 12:00
180
Бөлісу:
Көшпенділер ойыны: Ашылу салтанатына билеттер сатылып кетті
VIDEO
Фото: ОКҚ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық жұмыстары аяқталған.

Қазір Көшпенділер ойынына аз уақыт қалды. Ойындарға дайындықты толықтай аяқтадық десек болады. Бүгінгі таңда ойындарға билеттер сатылымда. Ашылу салтанатындағы билеттердің бәрі сатылып кетті. Билеттер қалмады. Ойындарға алуға болады. Қазір 10 мыңнан аса билет сатылды. Ең қызығушылық танытып жатқан спорт түрлерінің арасында жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, көкпар, бәйге. Билеттердің белгіленген бағадан қымбат сатылмауы үшін алыпсатарларды да қадағалап, сол бойынша жұмыс атқарып жатырмыз, - деді ДКО ойындарын дайындау және өткізу дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев.

Айта кетейік , 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық спортшы қатысады. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Өзгелердің жаңалығы