Атақты Голливуд актері Мадс Миккельсен Астанадағы ComicCon фестивалінің арнайы қонағы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» жұлдызы елордаға тәнті болған.
Мен Астананы жақсы білемін деп айта алмаймын, өйткені мұнда небәрі 30 сағат қана болдым. Бірақ қала өте әдемі деп сенімді түрде айта аламын. Тағамдарыңыз ерекше ұнады, өте дәмді екен. Мен көп ет жедім, оны қанша жегенімді де айта алмаймын, бірақ керемет ас екен, - деді ол.
Мадс Миккельсен Көшпенділер ойыны жайлы да пікірін білдірді.
Біз Даниядан болғандықтан, Астананы велоспорт командасы арқылы білеміз. Біз Тур де Франсқа барған кезде сіздердің велокомандаларыңыз танымал болды. Олардың велосипед жарысын көру керемет болар еді. Мен Көшпенділер ойындарын көріп қана қойғым келмейді. Олардың бір бөлігі болып, құс ұстап, атқа мінгім келеді, – деді актер.