Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Юлия Проскураның "Көшпелі рухы" атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Көркем жоба көшпелі әлемнің бай рухани және көркем мәдениетіне – оның жадына, дәстүрлеріне және эстетикасына арналған.

Экспозицияда суретшінің дәстүрлі киіз үй элементтерінен бастап, көне көшпелі өркениеттің бейнелерін заманауи өнер тәсілдерімен үйлестірген ерекше туындылары ұсынылған.


Көрме көшпелі әлемнің бай рухани және көркем мәдениетіне, оның жадына, дәстүрлеріне және эстетикасына арналған. Жобаның мақсаты – дәстүрлерді көркем түрде жаңғырту ғана емес, сонымен қатар мәдени сабақтастық тақырыбын, материалдық емес мұраны сақтаудың маңыздылығын және рухани құндылықтарды жеткізудегі әйел рөлін өзекті ету, - деді ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме ұрпақтар арасындағы рухани көпірді нығайтуға және мәдениетіміздің байлығын әлемге танытуға мүмкіндік береді.

Юлия Проскураның "Көшпелі рухы" атты жеке көрмесінде 50-ге жуық туынды қойылған.

Көрме Мемлекеттік орталық музейде 31 мамырға дейін жалғасады.
