Көші-қон заңын бұзған 25 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалған

4 Қыркүйек 2019, 18:16
1853
Бөлісу:
Көші-қон заңын бұзған 25 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ: Ерейментау аудандық сотында 2019 жылдың 8 айында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 25 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды. 

"Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Уәкілетті органдар аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 517-бабы («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырған" - делінген аудандық сот баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ерейментау аудандық сотының қаулыларымен 25 азамат жоғарғыда көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 7 азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды, 11 азаматты әкімшілік  қамаққа алу жазасы тағайындалды, 7 азаматты Қазақстан Республикасының шегiнен шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы