Көші-қон заңнамасын көбінесе Өзбекстан азаматтары бұзады

9 Маусым 2022, 11:05
1541
Бөлісу:
Көші-қон заңнамасын көбінесе Өзбекстан азаматтары бұзады

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылдыққа Жамбыл облысына 12 269 шетел азаматы келіп, уақытша тұру үшін тіркеуден өткен. Бұл көрсеткіш былтыр 5 547 болған. Яғни, ағымдағы жылы екі еседен көп өсіп отыр.

Бұл туралы өңірдегі полиция департаменті көші-қон басқармасының басшысы Арман Тұрдалиев мәлімдеді. Ол көші-қон процестері мемлекеттің қауіпсіздігіне, қоғамдық келісімге, жалпы экономикалық және демографиялық жағдайға әсер ететінін де атап өтті. 

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – көші-қон ағынының ұлғаюымен шиеленісіп бара жатқан заңсыз көші-қонға қарсы тұру. Қазіргі күннің күннің өзекті де өткір мәселесі де осы болып тұр, Сыртқы істер министрлігінің шет мемлекеттердегі ведомстволары берген жеке және іскерлік визалар бойынша келетін шетелдіктердің көпшілігі бізде тиісті рұқсат құжаттарын алмайды. Тіпті, еңбек шартын жасамай жұмыс істейтіндер де баршылық. Алайда, әлемдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, заңсыз еңбек пен көші-қон проблемаларын тек әкімшілік әдістермен шешеміз деу мүмкін емес, - деді спикер.

Арман Асылханұлы көші-қон заңнамасына сай құқық бұзушылықтардың дені шетелдіктердің елде болу мақсатының құжатпен сәйкес келмеуінен туатынын айтты. Сонымен қатар тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін де еліне қайтуыдан жалтаратындар, осылайша заңсыз еңбек қызметімен айналысатындар көп екен. Жамбыл облысында негізінен көші-қон заңнамасын Өзбекстан Республикасының азаматтары жиі бұзып жатады.

Осы бағыттағы анықталған құқық бұзушылықтарды зерделейтін болсақ, еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша шет мемлекеттің 892 азаматы жауапкершілікке тартылды. Ал өткен жылы өзге елдің 157 тұрғынына шара қолданылған. Бұл санның да еселеп өскенін көріп отырмыз. Ал биыл еліміздің шекарасынан Жамбыл облысы бойынша 141 шетелдік азамат шығарылды. Былтыр 53-ін еліне қайтарғанбыз. Мұның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 5 адамға шара қолданылған», - деді құзырлы орган өкілі.

Оның айтуынша, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін, нақтылай айтқанда 518-бапты ескермеген еліміздің 463 тұрғынына қатысты іс қозғалды. Өткен жылы осы баппен 180 азамат жауапкершілікке тартылған. Ел заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын тартқан 42 азамат жазаға тартылды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 11 ғана еді.

Осы шаралардың нәтижесінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жақындайды. Мұны толықтай өндіріп алдық. Былтыр 1,5 миллион теңгенің шамасында ғана айыппұл салынып, 1 миллион теңгеден астамы өндірілген болатын. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша – 11, 394-бабы бойынша 1 қылмыс тіркелді. Өңірде еңбек қызметін жүзеге асыруға 7 982 патент берілді десек, 2021 жылы осындай 5 238 патент үлестірілген, - деді Арман Тұрдалиев.

Ол Жамбыл облысындағы шетелдіктер жыл басынан бері 4 қылмыс жасағанын атап өтті. Ал өткен жылы 14 қылмыс тіркелген болатын. Шетел азаматтарына қатысты 4 қылмыс ашылып отыр. 

Спикер алимент төлемей жүрген 210 әкенің, 101 мемлекеттік борышкердің тізімі бар екенін де мәлімдеді. Олардың тұрғылықты жері анықталып, қабылданған шаралардың нәтижесінде осы санаттағы 24 іздеу ісі тоқтатылған. 

Өзгелердің жаңалығы