Көші-қон полициясы қызметкерлері жалғызбасты көпбалалы анаға көмек көрсетті

27 Желтоқсан 2019, 22:09
7029
Бөлісу:
Көші-қон полициясы қызметкерлері жалғызбасты көпбалалы анаға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон полициясы қызметкерлері өз міндеттерін атқарумен қатар, өтініш берген әрбір азаматтың мәселесін шешуге тырысып, мүмкіндігінше қолынан келген көмегін көрсетеді. Оның айқын мысалы ретінде қиын өмірлік жағдайға тап болған 35 жастағы Өзбекстан азаматына қатысты жайды айтсақ болады.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Абдрахмановтар отбасы 2000 жылдардың басында Өзбекстаннан Жамбыл облысына қоныс аударған. Келгеннен кейін күйеуі Қазақстанда тұруға рұқсат алады да, ал әйелі Өзбекстан азаматтығында қалады. Сол қалпында олар осы жерде алты балалы болады.

Ал осы жылдың мамыр айында Халида Абдрахманованың күйеуі қайтыс болып, жұмыссыз ана алты баласымен, үй-күйсіз далада қалады.

Өзі көпбалалы, жалғызбасты әйел аталған мәселелерімен Жамбыл облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына жүгінді. Белгілі болғандай, заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат алу үшін азаматтың өз есебінде 1320 АЕК болуы керек. Осы ретте полиция қызметкерлері азаматшаның жағдайын түсініп, оған демеуші табуға көмектесті.

Сонымен, әкесіз балалар мен жалғызбасты анаға "ПОШ Тараз фабрикасы" ЖШС басшысы Бауыржан Оңланбекұлы Найзақұлов көмек беріп, күрделі қаржылық мәселесін шешіп берді. Оған қоса, баспана бойынша да көмектесетініне сендірді.

Мен ешқашан қиын жағдайда полиция қызметкерлері мен маған белгісіз, бірақ өте жомарт және мейірімді адамдар көмектеседі деп ойламадым, - деп мойындады Халида Абдрахманова. 

мыфмфмфымвыфм.png

Бауыржан Оңланбекұлына адамшгершілігі мен біреудің бақытсыздығын түсініп, жақсылық жасай білгені үшін ризашылығымды білдіремін. Полиция департаментінің Көші-қон қызметі қызметкерлеріне де кәсіби шеберлігі мен жан-жақты көмегі үшін көп рахмет.

Көші-қон полициясы қызметкерлері мен Бауыржан Найзақұловтың бірлескен күш-жігерінің арқасында әйел азаматтық алып, қазір балаларымен бірге Қаратау қаласында тұрады. Балаларына мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек берілуде.

Біз өз құзыретімізде әр азаматқа көмектесуге дайынбыз. Біздің облыста қайырымдылықпен айналысатын лайықты адамдар бар екендігі де қуантады, - деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Тұрдалиев.

Өзгелердің жаңалығы