Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты

19 Қазан 2020, 20:03
1507
Бөлісу:
Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясы ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына арналған «Жібек жолында өркениеттер үндестігі» атты халықаралық форум өткізді.

Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты

Форум Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы мен ЮНЕСКО жөніндегі Иран Ұлттық Комиссиясының қолдауымен өтті.

Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты

Онлайн режімде ұйымдастырылған форумға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технология министрі Мансур Голами, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ИСЕСКО Бас хатшысы Салим Әл-Малик, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ғылым-технология жөніндегі тұрақты комитеттің (COMSTECH) директоры Мұхаммед Икбал Чаудари, IRSICA Бас хатшысы Халит Ерен, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, сонымен қатар іргелі халықаралық ұйымдардың жетекшілері, Ұлттық комиссиялардың басшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ректорлар, Ғылым академияларының жетекшілері, дипломаттар, белгілі фарабитанушы ғалымдар қатысты.

Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты

Алқалы жиынды кіріспе сөзбен ашқан Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын айтып, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Халықаралық ұйым басшылары мен шетелдік көрнекті ғалымдарға қолдаулары үшін ризашылығын білдіріп, әл-Фарабидың өркениет тарихындағы орнын атап өтті.

Қорыта айтқанда, мерейтойлық жыл Қазақстан және дүниежүзінде адамзаттың дамуы үшін әл-Фараби мұрасының маңызын қайта ашып, жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді. Осы жылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттаудағы қол жеткізілген жетістіктер міндетті түрде жаңа да жасампаз ғылыми жобаларға жол ашатыны анық ‒ деді Қырымбек Елеуұлы.

Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты

Пленарлық отырысты Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.

Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты

Осыдан кейін халықаралық форум арнайы тақырыптар бойынша секцияларға бөлініп жалғасын тапты.

Көшербаев: Мерейтойлық жыл әл-Фараби мұрасын жаңа қырынан танытты

Айта кету керек, ұлы ойшылды ұлықтауға арналған қорытынды шара ретінде  өткен халықаралық жиынға дүниежүзінің 30-ға жуық мемлекетінен танымал ғалымдар қатысты. Сонымен қатар, форум жұмысына әлемнің алты тіліне ілеспе аударма жасалып, әлеуметтік желілер арқылы тікелей көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы