Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алтай қаласында бірнеше көшенің атауы өзгерді

22 Қаңтар 2019, 22:50
3274
Бөлісу:

ШҚО, BAQ.KZ. ШҚО Алтай қаласында сегіз көшеге жаңа атау берілді. Бұл туралы Алтайньюс порталы хабарлады.

"2019 жылдың 14 қаңтарында Алтай ауданы әкімдігінің қаулысымен Алтай қаласындағы көшелерді қайта атау туралы шешімі шықты", — деді аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Дмитрий Козлов.

Жаңа атауға ие болған көшелер:

Ленин көшесі – Астана;

Советская – Тәуелсіздік;

Лениногорская – Вишневая;

Канавная – Родниковая;

Пролетарская – Спорттық;

Ворошилов – Еңбек;

Советский тұйық көшесі – Тенистый.

Коммунистическая көшесі Тоқтаров көшесінің жалғасы болады.

"Тұрғындарға көше атауларының өзгеруіне байланысты құжаттарды өзгертудің қажеті жоқ", — деп түсіндірді Дмитрий Козлов.

Өзгелердің жаңалығы