Көршісі қандалаға қарсы дәрі сепкен: Ақтауда екі бала дәріден уланып, көз жұмды

23 Қазан 2023, 01:15
1339
Бөлісу:
Көршісі қандалаға қарсы дәрі сепкен: Ақтауда екі бала дәріден уланып, көз жұмды
Фото: архив

Ақтауда қандалаға қарсы улаудан көрші пәтердегі 2021, 2022 жылы туған балалар көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Тағы бес адам ауруханаға түскен.

21 қазан сағат 08:50-де 102 кезекші пультіне №7 шағын аудандағы үйлердің бірінен шақырту келіп түскен. Шақыртуға жедел-тергеу тобы шықты. Мән-жайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылғы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жәбірленушілердің төменгі қабаттағы көршісі пәтеріне қандалаға қарсы дәрі сепкен.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жеткізілген балалардың бірінің жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы