Өзбекстан президенті стартаптарды қолдауға кірісті: 2026 жылға дейін 200 жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылдың соңына дейін экономиканың негізгі салаларында кемінде 200 стартап іске қосу жоспарлануда.
Орталық банк пен коммерциялық банктер венчурлық қорлар арқылы стартаптарды қаржыландыру үшін 50 млн доллар бөледі.
UzVC венчурлық қорының жанынан стартаптарға арналған Координациялық орталық құру маусым айының соңына дейін басталады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесінде стартап өнімдерін енгізуге ерекше көңіл бөлініп, қолдау көрсетіледі.
Экономика министрлігі шетелдік көздерден стартаптарды қаржыландыру үшін тағы 50 млн доллар тартуды жоспарлап отыр.