Көрші елдердің аумағынан келетін суға тәуелдіміз – Смайылов

22 Қараша 2022, 11:43
700
Бөлісу:
Көрші елдердің аумағынан келетін суға тәуелдіміз – Смайылов

Су тапшылығы жыл өткен сайын қиындай түсуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі  ауыл шаруашылығына қажетті судың  жеткілікті болуына тікелей байланысты.  Бүгінде тұтынатын судың жартысынан көбі  аграрлық секторға тиесілі. Дегенмен,  ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету су тапшылығына байланысты жыл өткен сайын қиындай түсуде. Бұған бірнеше фактор әсер етіп отыр. Бірінші – көрші елдердің аумағынан келетін суға тәуелдіміз. Екінші фактор – біздің өңірде  судың аз жиналуы.  Үшінші – каналдардағы  судың шығыны жоғары, сондай-ақ  суды үнемдеу технологиялары жеткіліксіз, - деді Әлихан Смайылов.

Премьердің айтуынша, осыған қарамастан қабылданған шаралардың нәтижесінде  биыл вегетациялық кезең қалыпты жағдайда өтті.

Көрші мемлекеттердің су қоймаларынан қосымша су жіберілді. Сондай-ақ, сумен қамтамасыз ету объектілерінде қажетті техникалық жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырып, келесі вегетациялық кезеңге арналған жоспарларды бекітудің маңызы зор, - деді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы