Көрші елде тағы да жер сілкінісі тіркелді

Тәжікстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 14 Сәуір 2025 2025, 10:14
14 Сәуір 2025 2025, 10:14
1082
Фото: pixabay.com

Тәжікстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

14 сәуірде жергілікті уақытпен таңғы 5:44-те магнитудалары 4,5 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Рашт қаласынан 23 км солтүстік-батыста, тереңдігі 5 км жерде орналасқан. 

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. 

Тәжікстанда бір тәулік ішінде төрт рет жер сілкінгені туралы осыған дейін жазғанбыз.

EMSC сайтының мәліметінше, зілзала Өзбекстандағы Қоқан қаласынан оңтүстікке қарай 173 шақырым жерде және Тәжікстандағы Гарм қаласынан шығысқа қарай 37 шақырым жерде тіркелген.

Түркияда да магнитудасы 4,7 баллды құрайтын жер сілкінісі тіркелді.

Наверх