Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты.
Дарынды балаларға арналған мектептер бойынша қабылдауды біз «Дарын» орталығына тапсырдық. Енді әр мектеп емес, орталық тиісті емтиихан арқылы балаларды қабылдап, әрі қарай мектептер өздері қабылдап, оқытады. Кейбір мектептерге көп бала оқығысы келеді. Алайда ондай мектептерде конкурс болмайды. Неге конкурс жоқ? Онда ол мектепті біз неге дарынды балаларға арналған мектеп дейміз. Кейбір ондай мектептердің түлеектері ҰБТ-дан аз балл алғандар бар. Неге ондай проблема бар? Кешенді талдау жүргізу керек, - деді ол.
Министр атағандай, дарынды балаларға арналған мектеп 7-сыныпта қабылдап, 8-9-сыныптарда мектептерден шығаратын науқан бар.
Көрсеткіштерді бұзбау үшін шығарады. Ол балаларды дарынды деп қабылдап, олар үлгермеді деп мектептен шығару қаншалықты дұрыс? Осыған да жауап беру керек. Бала талантты болып, сол мектепке барып, екі жылдан кейін үлгерімі нашарлап қалады. Ол неге болады? Бұл ең оңай жол, үлгере алмай жатқандарды шығарып жіберіп, орташа балл 120 деп мақтану кез келгеннің қолынан келеді, - деді Аймағамбетов.