Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда 211 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР сынама арқылы белгілі болды. Оның 201-інде симптомдық белгілері бар және 10-ы симптомсыз.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы ауруханалардан 113 науқас жазылып шыққан, келіп түскендер саны – 101.
Инфекциялық стационарларда 871 адам ем алып жатыр, оның 25-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 99. ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 50, High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді, – делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 868 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 1 787, симптомсыз – 81.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавиурсқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1 321 адам, 2-компонетін 2 197 адам алған.
Жыл басынан бері қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 999 193 адам, 2-компонентін 934 917 адам салдырған.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 120 738 адамды құрайды.