Ғалымдар коронавирустың жаңа белгісін анықтады

25 Сәуір 2020, 15:42
4282
Бөлісу:
Ғалымдар коронавирустың жаңа белгісін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық дәрігерлер "коронавирусты саусақтар" деп аталатын COVID-19-дың жаңа белгісін анықтады, деп хабарлады USA Today сайты.

Мамандардың айтуынша, вирус салдарынан аяқ саусақтары зақымданып, көк немесе күлгін түске айналады. Пенсильвания университетінің инфекционисті Эббинг Лаутенбах дақтар әдетте аяққа бірдеңе жанасқан сәтте күйдіріп жібергендей сезімде болатындығын айтқан.

Ғалымдардың айтуынша, инфекцияның мұндай көріністері жіті респираторлық дистресс-синдромы бар ауыр науқастарда да, ауру көбінесе симптомсыз өтетін жас емделушілерде де, оның ішінде балаларда да кездеседі. Бұл белгі аурудың ең ерте сатыларында байқала бастайды. 

Лаутенбах саусақтардың көгеруі инфекцияның жергілікті қабыну реакциясы немесе тамырлардың бітелуінен болуы мүмкін деп есептейді. Массачусетс ауруханасындағы шұғыл көмек көрсету қызметінің басшысы Сьюзен Уилкокс мұндай симптомдар тұмаудың ауыр түрімен немесе вирустық пневмониямен ауыратын науқастарда кездесетінін айтты. 

COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы бүкіл әлемді қамтыды. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, індетті екі жарым миллионнан астам адам жұқтырған, 176 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы