Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

26 Қараша 2021, 10:45
996
Бөлісу:
Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасында B. коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін, - деп баяндады агенттікке берген сұхбатында оңтүстікафрикалық эпидемиолог, профессор Салим Карим.

Жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары жағдайды бағалау үшін Оңтүстік Африка республикасында осы елдің шенеуніктерімен кездеседі. Вирустың жаңа нұсқасы грек алфавитінің бір әрпімен («дельта» нұсқа сияқты) атау берілуі мүмкін. Жаңа штамм «Ню» деп аталуы жоққа шығарылмайды.

Бейсенбі кешінде Ұлыбритания билігі Африканың бірнеше мемлекетінен (ОАР, Намибия, Зимбабве, Боствана, Лесото және Эсватини) келушілер үшін міндетті карантин енгізді. Бұл мемлекеттерден Британияға әуе рейстеріне уақытша тыйым салынған.

Әзірге Оңтүстік Африка Респуликасында, Гонконг және Боставанада жаңа нұсқаны жұқтырудың 59 оқиғасы расталды. Ол алғаш рет Претория ауданындағы бірнеше студенттен анықталған.

Өзгелердің жаңалығы