Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Словения премьер-министрі Янеш Янша Еуропада коронавирустың таралуына байланысты УЕФА президенті, өзінің отандасы Александр Цеферинді сынға алды. Бұл туралы lenta.ru жазды.
Янша футбол матчтары тым кеш тоқтатылғанын айтты.Бұл жауапсыздық деп санаймын.Тіпті, қылмыстық әрекет. Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өткен Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Аталанта" мен "Валенсия" арасындағы матчты биологиялық бомба деп болды деп ойлаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертулеріне қарамастан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатпады. Бұл олардың тек ақшаны ғана ойлайтындықтарын дәлелдейді, - деп шағымданды Янеш Янша.
Өткен аптада УЕФА коронавирустың таралуына байланысты тоқтап қалған еурокубок матчтарын белгісіз мерзімге қалдырған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасы 1/8 13 наурызда тоқтатылған.