Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы №36 емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген КВИ-мен ауырып шыққандардың жай-күйі мен аурудан кейінгі оңалту туралы айтты.
Дәрігердің айтуынша, коронавирустың симптомсыз түрімен аурып шыққандар арнайы емдеуді және оңалтудан өтуді қажет етпейді. Емделу ковиді пневмониямен ауырғандарға қажет, себебі ол кезде өкпе және қалған дене мүшелерінің гипоксиясы туындайды екен. Сондықтан, орташа және ауыр түрде коронавируспен ауырғандар ауруханадан құлан таза айығып шықпайтын көрінеді.
Коронавирустан соңғы жағымсыз сезім және асқынулар ковидтен сейінгі сондром деп аталады. Ковидтен кейінгі синдром ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, көптеген апта бойы тіпті ай бойы созылады. Ковидтен кейінгі симптомдар: өкпе фиброзы, жүрек-қантамыр ауруының асқынуы, көп ұйықтау, үнемі әлсіздікке ұшырау, жадының нашалауы, когнитивті бұзушылықтар (дұрыс ықылас аудармау), демікпе, депрессия және тағы басқа синдромдар болады, - дейді дәрігер.
Ағзаны қалпына келтіру үшін ауырған адамдарға оңалтудан өту қажет. Бұл өкпе мен тыныс алу функцияларының толыққанды жұмыс істеуін қалпына келтіріп, пневмофибриозды болдырмайды, қалған салдарын жойып, имунитетті күшейтеді екен.
Ол үшін науқастар тұрғылықты жер бойынша емханаға, учаскелік дәрігерге бару керек, ол өз кезегімен адамның жай-күйінің ауыртпалығын бағалайды. Пациенттің көрсеткіштері бойынша оңалту орталығына немесе емханалық жағдай бойынша оңалтуға жібереді.
Оңалту уқалау, тыныс алу жаттығуы, емдік дене шынықтыру, тренажерларда жаттығу жасау, физиотерапия, дәрі-дәрмекпен терапия жүргізу, фитотерапиядан тұрады. Оңалтудың бір курсының ұзақтығы 10-14 күнге созылады. Пациентте оттегінің жетіспеу себебі: үрей, стресс, депрессия секілді симптомдар туындайды. Мұндай жағдайда психотерапевтке қаралады, - дейді Г. Тілеген.
Сөзінің соңында дәрігер КВИ-мен аурып шыққандарға газ алмастырудың да оңалтуға жататынын ескере отырып, жиі серуендеу, таза ауа жұту, велосипед тебу секілді кеңес берді.