Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық медицина қызметкерлері індетпен екінші мәрте аурыған науқастарды бақылады деп жазды Ria.ru
Медицина қызметкерлері вирусты қайта жұқтыру фактісін иммунитеттің төмен болуымен қатар, ағзада қалған вирустың қайта жандануымен де байланыстырады.
Коронавиусты қайта жұқтыру фактілері аз болғандықтан ғалымдар да оның нақты себебін тап басып айтқан жоқ.
Америкалық зерттеушілер коронавируспен ауырған бір адамның төрт айдан соң қайта дертке шалдыққанын мысалға алған. Алғаш рет ер адам өткен жылдың сәуірінде ауруханаға жатқызылған.Ол кезде тынысы тарылып, демікпе мен өкпесінде сырыл пайда болады. Ауруханада жатқан пациенттің жағдайы ауырлап бүйрек пен бауыр жетіспеушілігі туындайды, стафилококк инфекциясы анықталады, асқазан ішек жолдарынан қан кетеді. Пневмонияға шалдығады. Алайда соңында барлық ауруды жеңіп ПТР анықтасы оң болып, ауруханадан шығады.
Одан кейінгі үш айда пациент үш рет ПТР тестін атпсырған. Олардың барлығы теріс болып шыққан. Алайда төртінші айда ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. Ал тағы екі аптадан соң ер адам қайта ауруханаға демікпемен түскен. Осы жолы ауру жеңіл өткен. Пациент ауруханада небары бір апта жатқан. Пациенттің айтуынша ол алғаш вирус жұқтырғаннан кейін ешкіммен етене араласпаған.
АҚШ-тың аурудың алдын алу мен бақылау орталығы ауырғандардан 90 күн ішінде сынамадан қайта табылған вирус ағзада оның алғашқы жұқтырудан сақталған бөлшегі болуы мүмкін дегенді алға тартқан. Алайда зерттеуге алынған пациенттің екінші жұқтыруы ол мерзінен асып кеткендіктен, ғалдымдар мұны екі бөлек эпизод деп қарастырып отыр. Ғалымдар ағзада вирустың қалған әсері болғандықтан екінші жұқтырудан кейін ауру жеңіл түрде өтті деген тұжырымға келген.