Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды

2 Қазан 2020, 09:22
1666
Бөлісу:
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 2 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 234 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 212,  өлім жағдайы - 357, ал жазылып шыққандардың саны 27 337-ге жетті.


Өзгелердің жаңалығы